Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Ақтауда күзгі ағаш егу маусымында 2 мыңнан астам ағаш отырғызылады

|
01.11.2025 14:17
Ақтауда күзгі ағаш егу маусымында 2 мыңнан астам ағаш отырғызылады
Ақтау қаласының әкімдігі

1 қараша күні Ақтауда күзгі ағаш отырғызу маусымы аясында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы шеңберінде қала әкімінің бастамасымен алғашқы 100 түп үйеңкі (клён) ағашы отырғызылды, деп хабарлайды otpannews.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Іс-шараға Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов, қалалық мәслихат төрағасы Сембіғали Зәкенов, қоғамдық кеңес төрағасы Сьезбек Кәріпов, сондай-ақ мемлекеттік мекемелердің өкілдері мен мердігер ұйым – «Грин Сити Ақтау» ЖШС қызметкерлері қатысты.


Ағаш отырғызу жұмыстарының алғашқы кезеңі 19а шағын ауданында жүзеге асырылды. Отырғызылған үйеңкі көшеттерінің әрқайсысының биіктігі шамамен 4,5 метрді құрайды. Ағаштарды күтіп ұстау, суару жұмыстарын «Грин Сити Ақтау» ЖШС жүзеге асырады. 


- Бұл шараның басты мақсаты – қаланың экологиялық ахуалын жақсартып, тұрғындарға жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру. Табиғатты қорғау – әрбіріміздің ортақ міндетіміз, – деді Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің сектор меңгерушісі Ғазиз Сағынғалиев.


Айта кетейік, күзгі ағаш отырғызу науқаны алдағы уақытта да жалғасады. Жалпы маусым қорытындысы бойынша Ақтау қаласында 2 мыңнан астам ағаш егу жоспарланып отыр.

175
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!