Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Ақшұқырда 39 тұрғын жерінен айырылуы мүмкін

|
01.11.2025 10:55
Ақшұқырда 39 тұрғын жерінен айырылуы мүмкін
otpannews.kz

Маңғыстау облысының прокурорына «Халық заңгері» акциясы кезінде Ақшұқыр ауылындағы Бегей тұрғын алабының тұрғындары көмек сұрап жүгінді, деп хабарлайды otpannews.kz. 


Тұрғындардың айтуынша, Түпқараған аудандық әкімдігі тарапынан кеткен қателіктердің салдарынан 39 азамат өздерінің меншік жер телімдерінен айырылып қалу қаупіне тап болып отыр. 


«Бізге жер қатынастары бөлімі тарапынан азаматтық іс қозғалды. Біздің жеке меншігіміздегі жерді қайтарып алмақ. Ал бұл жерлерді бастапқыда бөлген кезде мемлекеттік органдар қателік жіберген», - дейді жоба иелерінің атынан сөйлеген Мария Музыкантова.


Тұрғындардың сөзінше, олар жер телімдерін өз қаржыларына сатып алған, ешкімнен тегін алмаған. Алғашында ауыл маңында 4 және 1 гектарлық екі үлкен жер телімі бөлініп, кейін 10 сотықтан жеке азаматтарға сатылған. Алайда қазір аудандық сот бұл жерлерді «жекеменшікке заңсыз берілген» деп танып, мемлекет пайдасына қайтару туралы шешім шығарған.


«Біз адал сатып алушылармыз. Бірақ сот жер телімі біздікі емес деп шешті. Барлығы 39 адам осы күйге тап болды. Жерімізді неге игерген жоқсыңдар дейді. Бірақ ол жерде газ да, жарық та, коммуникация да жоқ. Біз бұл жерлерді 2023 жылдың соңында, кейбіріміз 2024 жылы сатып алдық. Ең сорақысы – заңбұзушылық туралы прокурорлық ұсыну 2024 жылдың қаңтарында берілсе де, талап-арыз бізге бір жарым жылдан кейін ғана келді. Сол уақыт ішінде жер бірнеше рет сатылып, адамдар ақша салды», - дейді Мария Музыкантова.


Тұрғындар апелляцияға арыз жазбақ ниетте. Сонымен бірге, алда мәселеге қатысты әділет орнайды деп үміттенеді. Бұл ретте Маңғыстау облысының прокуроры жағдайды тыңдап, мәселені жеке бақылауына алатынын айтты.

180
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!