Otpan News Logo

Ақтаудағы Наурыз думаны өнер жұлдыздарының гала-концертіне ұласты

|
22.03.2026 21:04
Ақтаудағы Наурыз думаны өнер жұлдыздарының гала-концертіне ұласты

Маңғыстауда «Ұлыс күні, қош келдің еліме» атты мерекелік іс-шара гала-концертпен жалғасты. Өнерпаздар мерекелік кеште Наурыз мейрамының сәнін келтіріп, көрерменге ерекше көңіл күй сыйлады, деп хабарлайды otpannews.kz. 


Концертте танымал өнер жұлдыздары Шираз Нурадинов, Инабат Джуманиязова жанды дауыста ән шырқады. Сахна төрінде Ғаділбек Жаңай, Ақылбек Жеменей көрерменге өзінің үздік әндерін тарту етті.


Гала-концерт барысында ұлттық өнер мен заманауи музыканың үйлесімі көрініс тауып, әрбір нөмір көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. «Самұрық» би ансамблі мен халықтық ұжым «Жорға» бишілерінің қойылымдары кештің көркін аша түсті. Жергілікті өнерпаздар Данияр Кенжеғали, Гүлжанар Рафхатқызы, Қарашаш Нысанова, Кәмшат Ізтілеуова, Марат Сафаровтардың жоғары деңгейдегі орындаушылық шеберлігі, әндері жиналған жұртшылыққа ерекше әсер қалдырды. Қалың көрерменге ыстық сәлемін жолдағандардың қатарында Қарақалпақстан Республикасынан келген Лилия Сайлаубаева, «Алтын дауыс» иегері Шынар Болат, Серіжан Масжанов пен Мәдениет саласының үздігі Гүлнара Макина да болды. 


Мерекелік кешке жиналған ақтаулықтар ән мен жырға қосылып, Наурыздың шаттыққа толы атмосферасын сезінді.


Кешке қатысқан тұрғындар «Бүгінгі концерт өте жоғары деңгейде өтті. Осындай мереке көп болсын. Жыл құтты болсын» деп тарқасты.

32
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!