Otpan News Logo

Маңғыстау облысында «Тазару күні» экологиялық акциясы аясында ауқымды сенбілік өтті

|
23.03.2026 14:00
Маңғыстау облысында «Тазару күні» экологиялық акциясы аясында ауқымды сенбілік өтті

23 наурыз күні Маңғыстау облысында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы және Наурызнама аясындағы Тазару күніне орай ауқымды сенбілік ұйымдастырылды. Іс-шара барысында өңірдің елді мекендерінде тазалық жұмыстары жүргізіліп, жасыл желектер отырғызылды, деп жазады otpannews.kz өңір әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Сенбілікке Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай қатысып, тұрғындарды экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және қоршаған ортаны қорғауға белсенді атсалысуға шақырды.

 

«Наурызмананың Тазару күніне орай өңірде сенбілік жұмыстары өтуде. Наурызда егілген әрбір тал – жаңа өмірдің, жаңарудың белгісі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, әз Наурыз – бұл тазару мен жаңару уақыты, ал тазалық – ең алдымен ойдың, сананың және ниеттің тазалығы. «Таза Қазақстан» бастамасы – жай ғана науқан емес, ол қоғамның өмір салтына айналуға тиіс маңызды құндылық. Сондықтан табиғатты аялау, қоршаған ортаны таза ұстау – әрбір азаматтың күнделікті дағдысына айналуы қажет. Осындай игі істер арқылы біз өскелең ұрпаққа үлгі көрсетіп, туған жерге деген жанашырлықты қалыптастырамыз», – деді облыс әкімі.

 

Акция облыс көлемінде кеңінен қолдау тауып, барлығы үш мыңнан астам адам қатысты. Олардың қаратында мемлекеттік қызметкерлер, қала, аудан тұрғындары, этномәдени бірлестіктер, спортшылар мен еріктілер бар. Қатысушылар елді мекендер аумақтарын тазалап, қоғамдық орындарда абаттандыру жұмыстарын жүргізді.

 

Сенбілік барысында өңірде 344 ағаш көшеті отырғызылып, жасыл желекті көбейтуге бағытталған жұмыстар атқарылды. Сонымен қатар, тазалық жұмыстарына 76 арнайы техника жұмылдырылып, нәтижесінде 349 тонна қоқыс шығарылды. Жалпы көлемі 69,4 гектар аумақ тазартылып, ретке келтірілді.

 

Сонымен қатар, Экологиялық акция аясында сүңгуірлер Каспий теңізінің жағалау бойынан шамамен 50 метр және көлденең бағытта 500 метрге дейінгі аумақты су асты қоқыстарынан тазартып, теңіз экожүйесін сақтауға бағытталған жұмыстар атқарды.

 

Шара барысында қатысушыларға ыстық шай мен бауырсақ ұсынылып, тазалық жұмыстарына белсенді қатысқан ұжымдар мен жекелеген азаматтарға түрлі номинациялар бойынша арнайы сыйлықтар табысталды.

 

Айта кетейік, мұндай экологиялық шаралар алдағы уақытта да облыстың барлық қала және аудандарында тұрақты түрде жалғасын табады.

105
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!