Otpan News Logo

Маңғыстаулық оқушы «El Umiti Premiasy» жобасының жеңімпазы атанды

|
18.06.2026 13:22
Маңғыстаулық оқушы «El Umiti Premiasy» жобасының жеңімпазы атанды

Астана қаласында жастардың тұлғалық дамуын қолдауға бағытталған «El Umiti Premiasy» жобасының қорытынды кезеңі өтті. Байқауда қатысушылар әлеуметтік маңызы бар жобаларын қорғап, үздіктер анықталды. Нәтижесінде Жаңаөзен қаласындағы С. Бегендікұлы атындағы №4 жалпы білім беретін мектептің 10 сынып оқушысы Жібек Қуанышбек үздік жобасын сәтті қорғап, жеңімпаз атанды, деп хабарлайды otpannews.kz.


Білім басқармасының мәліметінше, жас дарынға жобасын одан әрі дамыту мақсатында 1 млн теңге көлеміндегі сертификат табысталды.


Айта кетейік, «El Umiti» қоры жыл сайын ауыл мектептерінің оқушыларына, олимпиада жеңімпаздарына, жас ақындарға, дебатерлер мен айтыскерлерге, сондай-ақ балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне арналған тегін «El Umiti Camp» білім беру лагерін ұйымдастырады. Лагерь аясында қатысушылар әлеуметтік дағдыларды дамыту, қаржылық сауаттылық, дизайн, жасанды интеллект бағыттары бойынша білім алып, түрлі шығармашылық және спорттық іс-шараларға қатысады.

56
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!