Otpan News Logo

Ақтауда «SCAFFOLD: Тәжірибе, зерттеу, нәтиже» облыстық педагогтер форумы өтті

Ақтауда «SCAFFOLD: Тәжірибе, зерттеу, нәтиже» облыстық педагогтер форумы өтті

Ақтау қаласында Маңғыстау облысының білім басқармасына қарасты техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері мен әдіскерлерінің қатысуымен «SCAFFOLD: Тәжірибе, зерттеу, нәтиже» атты облыстық педагогтер форумы өтті, деп хабарлайды otpannews.kz.


Іс-шара Маңғыстау облысының білім басқармасының «Білім берудің оқу-әдістемелік орталығы» және «Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжі» ұйымдастыруымен өткізілді.


Форумның негізгі мақсаты – педагогтердің SCAFFOLD карточкалар жиынтығы арқылы оқу сабақтарын жоспарлау тәжірибесімен алмасуын қамтамасыз ету, зерттеу мәдениетін дамыту, оқытудағы тиімді әдіс-тәсілдердің нәтижелілігін көрсету және кәсіби құзыреттіліктерін арттыру.


Форум барысында қатысушылар Lesson Study тәжірибесі, педагогтердің кәсіби дамуы, SCAFFOLD технологиясын білім беру үдерісінде қолдану, студенттердің кәсіпкерлік әлеуетін дамыту және білім беру жобаларын жоспарлау бағыттарындағы тәжірибелерімен бөлісті.


Іс-шара аясында SCAFFOLD карточкалары негізінде оқу сабақтарын жоспарлауға мүмкіндік беретін жасанды интеллект платформасының таныстырылымы өтті. Жаңа цифрлық өнім педагогтердің сабақ жоспарлау жұмысын жеңілдетуге және заманауи білім беру технологияларын тәжірибеге енгізуге бағытталған.


Практикалық воркшоп бөлімінде қатысушылар командалық тренингтерге қатысып, нақты кейстерді талдау арқылы тәжірибе алмасты. Сонымен қатар, «Peer Coaching: мұғалім мұғалімді дамытады» тақырыбындағы кейс-стади алаңында әріптестік оқыту мен кәсіби қолдау тетіктері талқыланды.


Форум қорытындысында қатысушылар өз жобаларын таныстырып, білім беру ұйымдарында SCAFFOLD технологиясын қолдану тәжірибесін жетілдіруге бағытталған ұсыныстар қабылдады.


Аталған форум педагогтердің кәсіби қоғамдастығын нығайтуға, зерттеушілік мәдениетті қалыптастыруға және өңірдегі білім беру сапасын арттыруға ықпал ететін маңызды алаңға айналды.


“Форум Еуропа білім беру қорының ұйымдастыруымен халықаралық SCAFFOLD карточкаларын сабақ процесінде қолдану бойынша өтті. Бұл жобаны Қазақстан бойынша 51 білім беру орталығы жүзеге асырып отыр. Оның ішінде Маңғыстау облысында 3 білім беру ұйымы бағдарламаға енгізді. Біз де бұл пилоттық жоба бойынша жұмыс істеп, студенттер мен мұғалімдердің біліктілігін арттырудамыз. Форумға Атырау, Ақтөбе өңірінен келген педагогтер қатысып жатыр. Мұғалімдер өзара тәжірбие алмасып, форумда белсенділік танытуда”, - деді Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжі басшысының оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары Гүлжамал Жаңбырова.
51
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!