Otpan News Logo

Ақтаудағы «CaspiBitum» зауытында қоғамдық-саяси өзгерістер талқыланды

|
18.06.2026 16:38
Ақтаудағы «CaspiBitum» зауытында қоғамдық-саяси өзгерістер талқыланды

Бүгін Ақтаудағы «CaspiBitum» мекемесінде облыстық мәслихат депутаты Нұри Тумышевтың қатысуымен маңызды жиын өтті. Кездесудің негізгі мақсаты – «Еститін мемлекет» тұжырымдамасы аясында мемлекеттік органдар мен қоғам арасындағы байланысты нығайту және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, деп хабарлайды otpannews.kz сайты.


Жиынға мекеме қызметкерлері белсенді қатысты. Кездесу барысында еліміздің экономикалық, әлеуметтік, мәдени-гуманитарлық және басқа да салалардағы дамуына қатысты өзекті ақпараттар айтылды. Жиын ашық диалог форматында өтті. Мекеме қызметкерлері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, депутаттан тұшымды жауап алды.


«Мұндай кездесулер Парламент және мәслихат депутаттарының, сондай-ақ мемлекеттік органдар өкілдерінің еңбек ұжымдарымен тікелей байланыс орнатуына бағытталған»,- дейді мекеме қызметкерлері. 


Облыстық мәслихат депутаты Нұри Тумышевтың айтуынша, мұндай жиындар азаматтардың құқықтық сауатын арттырып қана қоймай, қоғамдағы өзекті мәселелердің шешілу жолы мен өзгерістер туралы хабардар болуға көмектеседі. 


«15 наурыз күні жалпыхалықтық референдум өтіп, жаңа Констиуция қабылданды. Осы Ата Заңымыз 1 шілдеден бастап күшіне енеді. Мекеме қызметкерлері осы Конституциядағы оң өзгерістер туралы да талқылады»,- деді депутат. 


Қатысушылар арасында қызу пікірталас орын алып, көтерілген мәселелер бойынша жан-жақты талқылау жүрді. Бұл кездесу азаматтардың мемлекеттік саясатқа қатысты хабардарлығын арттыруға және түйткілді мәселелерді тікелей талқылауға мүмкіндік берді.

46
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!