Otpan News Logo

Қоғамда «Заң мен Тәртіп» идеологиясын ілгерілету басты назарда

Қоғамда «Заң мен Тәртіп» идеологиясын ілгерілету басты назарда

Мемлекет басшысының «Заң мен Тәртіп» идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025–2030 жылдарға арналған тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында Ақтау қаласындағы «№1 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-де кезекті ақпараттық іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды otpannews.kz тілшісі.


Орталықтың заңгері Мұрат Шалов қызмет алушылардың құқықтары мен олардың дербес деректерін қорғау мәселесін іс-шараға қатысушыларға түсіндірді. Жиналысқа орталық директоры А.К. Нурлаева бастаған 14 қызметкер қатысып, тақырыпты кеңінен талқылады.


Баяндама барысында дербес деректерді қорғау бойынша еліміздің негізгі заңнамалық талаптары айтылды:


1. ҚР Әлеуметтік кодексінің 64-бабына сәйкес: Әлеуметтік жұмыскер қызмет алушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып қорытынды дайындайды және оның денсаулық жағдайы, ауруының диагнозы, тыныс-тіршілігінің шектелу дәрежесі мен дербес деректерінің құпиялылығын қамтамасыз етуге міндетті.


2. «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңның 11-бабына сәйкес: Қолжетімділігі шектеулі деректермен жұмыс істейтін мамандар мен үшінші тұлғалар азаматтың (немесе заңды өкілінің) келісімінсіз бұл ақпаратты таратуға жол бермейді.


Кәсіптік, қызметтік немесе еңбек қатынастарына байланысты бұл деректер өзіне белгілі болған әрбір қызметкер құпиялылықты сақтауға заң жүзінде міндетті.

Орталық басшылығы мен ұжымы қызмет алушылардың құқығын қорғау және мекемеде «Заң мен Тәртіп» қағидатының мүлтіксіз орындалуын басты назарда ұстайды.

67
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!