Otpan News Logo

Маңғыстаулық боксшы Әлем кубогында жүлдесіз қалды

|
18.06.2026 10:44
Маңғыстаулық боксшы Әлем кубогында жүлдесіз қалды

Бокстан Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан Әлем кубогында Санатәлі Төлтаев екінші кездесуінде жеңіліс тапты, деп хабарлайды otpannews.kz.


65 келі салмақта 2025 жылғы Қазақстан чемпионы Санатәлі Төлтаев екінші айналымда Англия өкілі Патрис Мугалзаимен кездесті.


Үш раундқа созылған жекпе-жекте төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен (5:0) ағылшын боксшысы жеңімпаз атанды.


Бүгін шаршы алаңға шыққан Алуа Балқыбекова ширек финалға жолдама алды. Екі дүркін әлем чемпионы, 51 келі салмақтағы Алуа Балқыбекова 1/8 финалда Венесуэла өкілі Ирисмар Кардозомен қолғап түйістірді.


Отандасымыз жекпе-жек барысында шабуылда да, қорғаныста да нәтижелі өнер көрсетіп, қарсыласын 4:1 есебімен жеңді.


Өкінішке қарай, Серік Теміржанов (60 келі) пен Сабыржан Аққалықов (80 келі) қарсыластарына есе жіберіп, Әлем кубогының жүлдесінен қағылды.

59
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!