Otpan News Logo

Маңғыстаудан 47 оқушы IQanat олимпиадасының республикалық финалына аттанды

Маңғыстаудан 47 оқушы IQanat олимпиадасының республикалық финалына аттанды

Маңғыстау облысының 47 оқушысы ауыл мектептері оқушыларына арналған IQanat республикалық олимпиадасының финалына аттанды. Олар 60 мыңнан астам қатысушының арасынан үздік нәтиже көрсетіп, еліміздің ең дарынды ауыл жастарының қатарына енді, деп хабарлайды otpannews.kz.


Ауыл мектептері оқушыларына арналған IQanat республикалық олимпиадасының финалы 18-24 маусым аралығында Алматы қаласында өтеді. Білім додасының шешуші кезеңіне еліміздің барлық өңірінен іріктелген 1000 ауыл оқушысы қатысады. 


Финал барысында қатысушылар білім деңгейін сынайтын тестілеуден өтіп қана қоймай, түрлі тренингтерге, экскурсияларға және арнайы білім беру іс-шараларына қатысады. Сондай-ақ IQanat бағдарламасының түлектері өз тәжірибелерімен бөліседі. 


Олимпиада қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен үздік қатысушыларға IQanat жобасы аясында IQanat High School of Burabay мектебінде тегін білім алу гранттары ұсынылады. Сонымен қатар финалистер үш жылдық постолимпиадалық қолдау бағдарламасына қатысу мүмкіндігіне ие болады. 


Ұйымдастырушылардың айтуынша, республикалық финал ауыл балаларының білімін шыңдап қана қоймай, олардың кәсіби бағдарын айқындап, жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын маңызды алаң саналады. Маңғыстаулық оқушылар алдағы додада өңір намысын қорғап, үздіктер қатарынан көрінуге ниетті.

334
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!