Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Маңғыстаулық дзюдошылар ел чемпионатында екі алтын иеленді

|
10.11.2025 21:46
Маңғыстаулық дзюдошылар ел чемпионатында екі алтын иеленді
ҚР дзюдо федерациясы

Маңғыстаулық қос балуан ел чемпионатының алғашқы күнінде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды otpannews.kz.

 

Ерлер арасында Бауыржан Нарбаев 66 келіде топ жарса, әйелдер арасында 52 келіде Меруерт Сәрсенова алтыннан алқа тақты.

 

«Ең алғашқы алтын жүлдем. Бұл жетістігім үшін өте қуаныштымын. Жарыс жоғары деңгейде өтті. Қолдау білдірген барша жанға алғыс айтамын. Бапкеріме шын жүректен рахметімді жеткізгім келеді», - деді Меруерт Сәрсенова.

 

Ал өткен жылы ел чемпионатында қола жүлде алған Бауыржан Нарбаев бұл жеңістің өзіне оңай келмегенін атады.

 

«Бұл мен үшін көптен күткен жеңіс болды. Осыған дейін көптеген жарыстарда алтынға жете алмадым. Оған еш мойыған жоқпын. Бұл қаншама еңбектің өтеуі. Бұл тек менің ғана емес, бапкерлеріммен ортақ жеңіс», - деді Бауыржан Нарбаев.

 

Нарбаев Семейде өтіп жатқан ел чемпионатының финалында ақтөбелік Ақылжан Жұбатқановтан айласын асырды. Ал Меруерт Сәрсенова Жетісу облысының өкілі Іңкәр Төлепбергенованы қапы қалдырды.

 

Айта кететін жайт, ел чемпионаты 13 қарашаға дейін жалғасады. 

56
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!