Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Ақтауда сапалы бейнеролик түсіруді үйрететін оқу басталды

|
10.11.2025 16:32
Ақтауда сапалы бейнеролик түсіруді үйрететін оқу басталды

Бүгін Ақтауда мемлекеттік және квазимемлекеттік мекемелердің баспасөз хатшылары мен ақпараттық қызмет мамандарына арналған курс басталды, деп хабарлайды otpannews.kz сайты. 


Ақпарат саласы мамандарының кәсіби біліктілігін арттыруға арналған жиында цифрлық маркетинг саласында 7 жылдық тәжірибесі бар Олжас Төлеуханов спикер болды. 


“Біздің мақсатымыз - сапалы бейнероликтер түсіру, оларды өңдеу және әлеуметтік желілерде тиімді ілгерілету бойынша практикалық білім мен дағдыларды қалыптастыру. Бұл бастама мемлекеттік органдардың ақпараттық ашықтығын арттыру, қоғаммен тиімді коммуникация орнату және медиа кеңістіктегі кәсіби мәдениетті дамыту мақсатында ұйымдастырылды”,- дейді Маңғыстау облысының Ақпарат және қоғамдық даму басқармасының өкілдері. 


Аталған курс қарашаның 10-15 аралығында жалғасады. 5 күнге созылатын бұл оқуға облыстық және қалалық деңгейдегі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың баспасөз хатшылары, PR және медиа мамандары, сондай-ақ ақпараттық саясат саласында жұмыс істейтін 25 маман қатысуда. 


Оқудың алғашқы күнінде мемлекеттік коммуникация мен медиаэтиканың негізгіқағидалары түсіндірілді. Қалған күндері бейне және фотоматериалдар түсірудегі техникалық ережелер, монтажға арналған қосымшалар, әлеуметтік желілерде контентті ілгерілету стратегиялары мен құралдары үйретіледі. 


Айта кетейік, оқыту курсын Маңғыстау облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысының негізінде «Қазақстан жастары фракциясы» ұйымдастырды

61
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!