Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Маңғыстауда көкпардан облыстық сайыс өтті

Маңғыстауда көкпардан облыстық сайыс өтті

Маңғыстау ауданында ұлттық ат спорты көкпар ұйымдастырылды. Сайысқа облыстың қала, аудандарынан 70-тен аса көкпаршы қатысты, деп хабарлайды otpannews.kz.


Аудан әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, облыстық дода Ауған соғысында қаза болған Қуатбай Бектұровтың жүлдесіне арналды.


Дүбірлі додаға қатысушыларды аудан әкімінің орынбасары Асқар Аққұлов құттықтап, сәттілік тіледі. 


Жасөспірімдер және ересектер арасында жаппай салым түрінде өткен көкпар ерекше тартысты өрбіді. Жігіттің ептілігі мен жүйріктің бабы сыналатын ойында қатысушылар барын салды. Нәтижесінде ең көп салыммен Мұнайлы ауданының командасы алға шықты, - деді ұлттық спорттың жанашыры Нұрсағын Тұқымбай.


Сонымен қатар аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі теңге ілу, садақ ату секілді ұлттық ойындардан жарыс өткізді. Шара соңында жеңімпаздар арнайы сыймен марапатталды.

14
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!