Otpan News Logo

Маңғыстауда жолдарды тазалау жұмыстары жүріп жатыр

|
15.01.2026 09:44
Маңғыстауда жолдарды тазалау жұмыстары жүріп жатыр

Ақтау қаласында толассыз жауған қар аралас жаңбырдан кейін қаладағы негізгі автомобиль жолдарында тазалау жұмыстары ұйымдастырылды, деп хабарлайды otpannews.kz. 


Түнгі ауысымда мердігер мекеме жол жабынын тазалау жұмысын атқарды. Жұмысқа 8 арнайы техника мен 15 жол жұмысшысы тартылды. 


Қала әкімінің орынбасары Ерғали Скендиров түнгі кезекшіліктегі жұмыстарды арнайы қадағалап, мердігер мекеме өкілдеріне нақты тапсырма берді. 


Мұндай жұмыс Қарақия ауданында да жүргізілді. 


Аудан әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, аудан аумағындағы автомобиль жолдарында арнайы автокөліктер жолды қардан тазалау жұмыстарын атқарып жатыр.



Жергілікті атқарушы орган жол тазалау жұмыстары ауа райы жағдайына байланысты әлі де жалғасатынын айтты.

66
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!