Otpan News Logo

Маңғыстау ауданында төрт ірі жол инфрақұрылымы жобасы толық аяқталды

|
11.01.2026 10:46
Маңғыстау ауданында төрт ірі жол инфрақұрылымы жобасы толық аяқталды

Маңғыстау ауданында ұзындығы 19,9 шақырымды құрайтын төрт жол инфрақұрылымы жобасы толық аяқталды. Атап айтсақ, «Шетпе-1» шағын ауданында 6,89 шақырым, Шебірде 5,67 шақырым, Тұщықұдықта 3 шақырым және Қарашоқыда 1,4 шақырым автожол жөндеуден өтті. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте аудан әкімі Ғалымжан Ниязов айтты.


-Қазіргі таңда ұзындығы 58,45 шақырым болатын 12 жоба дайын. Оның ішінде, Шетпе ауылында Қосбұлақ-1 және 2 шағын аудандары арасын жалғайтын 800 метрлік аспалы көпір жобасы бойынша мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Сонымен қатар, «Отпан-тау тарихи мәдени кешеніне автожол салу», Шетпе ауылы темір жол өткелімен жолды кеңейту және Ақшымырау ауыл ішілік жолына түзету енгізу жобалары да жүргізілуде, - деді Ғалымжан Ниязов.

65
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!