Otpan News Logo

Ерекше баласы бар аналар тегін аспаздық мастер-класстан өтті

|
15.01.2026 14:06
Ерекше баласы бар аналар тегін аспаздық мастер-класстан өтті

Ақтауда ерекше қажеттілігі бар балалардың аналарына арнап түрлі тағамдарды пісіруге бағытталған шеберлік сағаты өтті. 15 ана қатысқан жобада 7 түрлі ас үйретілді, деп хабарлайды otpannews.kz сайты. 


Маңғыстау туризм колледжінің «Рухтан» волонтерлік клубының ұйымдастыруымен өткен шеберлік сағатында 2 салат, 2 түрлі тіске басар және 3 түрлі пицца дайындау тәсілдері үйретілді.


“Бұл іс-шара аналардың күнделікті жауапкершілігі жоғары екендігін ескере отырып, оларға психологиялық қолдау көрсету, көңіл күйін көтеру, өзара тәжірибе алмасу және әлеуметтік ортаға бейімделуіне ықпал ету мақсатында ұйымдастырылды»,– деді Маңғыстау туризм колледжінің оқытушысы, іс-шара ұйымдастырушысы Гүлнұр Кушанова. 
50
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!