Otpan News Logo

«Каспийде» ойнаған ресейлік футболшының мәйіті даладан табылды

|
15.01.2026 10:54
«Каспийде» ойнаған ресейлік футболшының мәйіті даладан табылды
Фото: Ашық дереккөзден

Мәскеу облысында ЦСКА футбол мектебінің түлегі, Ресейдің жасөспірімдер құрамасының және «Каспий» клубының бұрынғы ойыншысы Лайонел Адамс қайтыс болды, деп хабарлайды otpannews.kz.


31 жастағы футболшының денесі тұрғын үйдің терезесінің астынан табылған. Бұл ақпаратты «Матч ТВ» таратты. 


РЕН ТВ арнасының хабарлауынша, қайғылы оқиға Звенигород қаласында болған. Ал «Mash на спорте» дерегіне сәйкес, Адамс сол сәтте Ялта қаласының «Рубин» клубының бұрынғы футболшысы Тимур Магомедовтың үйінде қонақта болған.


Өткен жылдың желтоқсан айының соңында Лайонел Адамс Звенигородтағы мейрамхана маңында болған атыс қарулы төбелес кезінде жарақат алған. Ол кезде футболшының санына оқ тиіп, жоғарғы ерні жыртылған болатын.

 

Айта кетейік, Лайонел Адамс 2020 жылы «Каспий» сапында 15 ойын өткізсе, 2021 жылы «Тұран» клубында 15 матчқа қатысты. Ал 2023 жылы «Жетісумен» 11, «Шахтер» алаңында 6 ойынға шыққан.

48
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!