Маңғыстауда борышкерлерден 280 млн теңгеден астам қаражат өндірілді
Прокуратура алимент төлемдерін уақтылы өндіруді және мемлекет бюджетіне қаражатты қайтаруды қамтамасыз ету бағытында жүйелі әрі қағидатты жұмысты жалғастыруда. Өткен жылдың қорытындысы бойынша алимент алушыларға 174 миллион теңгеден астам қаражат аударылды, деп хабарлайды otpannews.kz.
Табысын жасыру және балаларды асырау жөніндегі міндеттерді орындаудан жалтару фактілері үшін 52 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, тағы 19 адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар, прокурорлық қадағалау нәтижесінде мемлекет кірісіне 108 миллион теңгеден астам қаражат қайтарылды. Бұл сомаға әкімшілік айыппұлдар, мемлекеттік баждар, сондай-ақ салық берешектері кірді.
Қабылданған шаралар аясында борышкерлерден төрт автокөлік пен бір пәтер тәркіленді. Екі автокөлік сауда арқылы сатылып, түскен қаражат берешекті өтеуге бағытталды. Тағы екі көлік қарыз есебінен өндіріп алушыларға берілді, – деді Ақтау қаласы прокуратурасының сотта мемлекет мүддесін білдіру бөлімінің басшысы Олжас Айтуар.