Otpan News Logo

Маңғыстауда самбо спорты қарқынды дамып келеді

|
28.04.2026 12:17
Маңғыстауда самбо спорты қарқынды дамып келеді

Маңғыстау облысы бойынша 800-ден астам жасөспірім самбомен тұрақты түрде айналысады. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте өңірлік дене шынықтыру және спорт басқармасы бұқаралық спорт бөлімінің басшысы Жомарт Қобланов айтты. 


Спикердің айтуынша, өңірде самбо спортының даму қарқыны айтарлықтай артып келеді. Бүгінде бұл спорт түрі Ақтау қаласынан бастап ауылдық елді мекендерге дейін кеңінен таралып, тұрғындар арасында танымал бола бастаған.


–Самбо спорты бүгінде бұқаралық сипат алып, жастардың қызығушылығы күн санап артып келеді. Бұл жүйелі түрде жүргізілген жұмыстың, қолдаудың және спорт инфрақұрылымының дамуының нәтижесі. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады,- деді Жомарт Қобланов.


Сонымен қатар, «Жас батыр» спорт мектебінің басшысы Ғайса Қалмұханов 2026 жыл самбо спорты үшін табысты жыл болғанын атап өтті. Мектепте 400-ге жуық спортшы жаттығып, олардың арасында халықаралық және республикалық деңгейдегі жеңімпаздар бар.



Атап айтқанда, Нұрсұлтан Жұбатқан самбодан әлем чемпионы атанса, Гүлдана Әлмұхамбетова, Мұрат Ықылас, Рабай Мейіржан және басқа да спортшылар Қазақстан чемпионаттарында жоғары нәтижелер көрсеткен.


Брифингте сондай-ақ өңірдегі білікті төрешілер мен бапкерлердің еңбегі де ерекше аталып өтті. Олардың қатарында халықаралық және ұлттық дәрежедегі төрешілер бар.


Маңғыстау облыстық самбо федерациясының президенті Серік Байжанов самбо спортын жаңа деңгейге көтеру, бұқаралық қатысуды арттыру және халықаралық жетістіктерге жол ашу басты мақсат екенін жеткізді. Сонымен қатар, 100-ге жуық спортшыны арнайы спорттық киіммен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіліп жатқаны айтылды.

70
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!