Ақтаулық өнерпаздар Ташкент фестивалінде алтын мен күмісті жеңіп алды
«Абай атындағы КДК»-ның «Колибри» арт-студиясының тәрбиеленушілері халықаралық «Аланга-фест» фестиваль-байқауында Қазақстанның намысын абыроймен қорғады. Аталған шара 21–27 сәуір аралығында Өзбекстанның Ташкент қаласында өтті, деп хабарлайды otpannews.kz сайты.
Байқауға 100-ден астам қатысушы мен 16 шығармашылық ұжым қатысты. Жеке өнер көрсетушілер «Модель» және «Талант» атты екі санат бойынша бағаланды. Байқау қорытындысы бойынша Алиса Мезенцева «Модель» номинациясында алтын медаль иеленді.
Ал «Талант» санатында әзербайжан биін үздік орындағаны үшін Эвелина Мамедова күміс медальға лайық деп танылды. Байқауға құрметті VIP-қонақ ретінде өткен жылдың жеңімпазы - «Модель» номинациясы бойынша Гран-при иегері Әсел Садықова («Колибри» арт-студиясы) шақырылды.