Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Маңғыстаудың транзиттік әлеуеті америкалық инвесторларға таныстырылды

Гүлмира Аманжолқызы
|
06.09.2025 10:05
Маңғыстаудың транзиттік әлеуеті америкалық инвесторларға таныстырылды

Ақтауда америкалық бизнес делегациясының қатысуымен Маңғыстау облысының сауда-логистикалық және инвестициялық мүмкіндіктері талқыланған жиын өтті. Делегация сапары АҚШ-Әзербайжан сауда палатасы, Америка-Грузия бизнес кеңесі және Қазақстандағы Америка сауда палатасының бірлесуімен ұйымдастырылды, деп хабарлайды otpannews.kz.


Жиын барысында Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев өңірдің транзиттік және инвестициялық әлеуетіне тоқталып, Орта дәліздің дамуына аймақтың қосар үлесін атап өтті.


Біздің өңір арқылы Қытай, Орталық Азия және Ресей бағытындағы жүктер Түркия мен Еуропаға тиімді жолмен жеткізіледі. Ақтау мен Құрық порттарының жалпы қуаттылығы жылына 20 миллион тоннадан асады. Қазір Құрықта салынып жатқан «Саржа» теңіз терминалы мен Каспийде қытайлық серіктестермен бірлесіп жоспарланған жаңа логистикалық хаб порттық инфрақұрылымды айтарлықтай кеңейтеді. Маңғыстау тек транзиттік өңір ғана емес. Біз ауыл шаруашылығын, оның ішінде түйе және балық шаруашылығын дамып келеміз. Ал табиғаты мен тарихи мұралары өңірді Қазақстандағы жетекші туристік бағыттардың біріне айналдырып отыр, – деді Аббат Өрісбаев.


Өз кезегінде Америка сауда палатасының Қазақстандағы атқарушы директоры Джефф Эрлих жиынның өзектілігін атап өтті.


Қазақстан порттары мен логистикалық инфрақұрылымы Орта дәліздің кеңеюіне үлкен серпін береді. Америкалық делегация Саржа және Құрық портына барып, өңірде инвестициялық брифинг өткізуді жоспарлап отыр. Әрі қарай олар Каспий теңізін пароммен кесіп өтіп, Әзербайжан астанасы Бакуге бет алады, – деді ол.
43
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!