Қарақияда мұнайшылар мерекесін тойлады
Otpan News
|
05.09.2025 17:47

Қарақия ауданында мұнайшылар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Жиында аудан әкімі Сымбат Төретаев мұнай саласының қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады, деп хабарлайды otpannews.kz аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аудан басшысы өз сөзінде мұнайшылардың ел экономикасы мен өңір дамуына қосып отырған үлесінің орасан екенін атап өтті. Бұл салада тер төгіп жүрген әрбір жан үлкен құрметке лайық екенін жеткізді.
- Бүгін біз еліміздің экономикасына, халқымыздың әл-ауқатына өлшеусіз үлес қосып жүрген мұнай саласы қызметкерлерін ұлықтайтын мерейлі мереке – Мұнайшылар күнін атап өту үшін бас қостық. Бұл мереке – қажырлы еңбек пен кәсіби шеберліктің символы, талай буын мұнайшылардың төккен терінің, төзімі мен табандылығының жемісі. Жер қойнауын зерттеп, табиғат байлығын ел игілігіне айналдыруда еңбек етіп жүрген әрқайсыңыздың еңбектеріңіз ерекше құрметке лайық, - деді аудан басшысы Сымбат Төретаев.
Салтанатты жиында сала мамандарына алғыс хат табысталып, олардың еңбектері лайықты бағаланды. Іс-шара соңы мерекелік концерттік бағдарламаға және спорттық сайыстарға ұласып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
36

Комментарии
Комментарии
Нет комментариев