Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Ақтауда мемлекеттік тілді дамытуға үлес қосқан ұйымдар мен азаматтар марапатталды

Гүлмира Аманжолқызы
|
05.09.2025 16:27
Ақтауда мемлекеттік тілді дамытуға үлес қосқан ұйымдар мен азаматтар марапатталды

Қазақстан халқы тілдері күніне орай Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен «Өркендеудің тілі – мемлекеттік тіл» атты дөңгелек үстел және облыстық тіл фестивалінің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды otpannews.kz.


Іс-шараға облыстық, қалалық және аудандық мемлекеттік орган басшылары, облыстық мәслихат депутаттары, білім беру мекемелерінің өкілдері, филолог-ғалымдар, педагогтер мен студенттер қатысты.


Жиын барысында Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығына арналған көрме ұйымдастырылды. Сонымен қатар қазақ тілінің ғылым тілі ретіндегі әлеуеті, мемлекеттік тілді ұйымдар мен кәсіпорындарда қолдану тәжірибесі және тіл саясатының өзекті мәселелері талқыланды.


Сондай-ақ мемлекеттік тілді меңгертудің инновациялық тәсілдері, жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды қолданудың мүмкіндіктері де сөз болды.


Жиын соңында мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтуге және насихаттауға үлес қосқан ұйымдар мен азаматтар марапатталды. Олардың қатарында филология ғылымдарының докторы, профессор Бибайша Нұрдәулетова, Түпқараған аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Шолпан Нұрғалиева, Жаңаөзен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Лаура Бисембаева және өзге де сала өкілдері бар.

46
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!