Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Маңғыстауда облыстық тері-венерологиялық диспансері жаңғыртылып жатыр

Гүлмира Аманжолқызы
|
06.09.2025 10:20
Маңғыстауда облыстық тері-венерологиялық диспансері жаңғыртылып жатыр

Маңғыстау облыстық тері-венерологиялық диспансерінде күрделі жөндеу жұмыстары басталды, деп хабарлайды otpannews.kz. 


Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, құрылыс-монтаждау жұмыстарын «Оңдасын-Строй» ЖШС жүргізіп жатыр. Қазіргі уақытта жобаның орындалу деңгейі 40%-ды құрайды.


Жөндеу кезінде ғимараттың ішкі және сыртқы бөлігі толық жаңартылып, инженерлік жүйелер ауыстырылады. Сонымен қатар нысан санитарлық талаптарға толық сәйкестендірілмек.


Күрделі жөндеудің нәтижесінде диспансер заманауи медициналық жабдықтармен қамтылып, тұрғындарға көрсетілетін қызметтің сапасы мен қолжетімділігі артады.

40
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!