Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Бес тілді меңгерген офицер әскери-теңіз күштерінде қызмет атқарады

Жанкелді Қаржан
|
05.09.2025 17:07
Бес тілді меңгерген офицер әскери-теңіз күштерінде қызмет атқарады
ҚР қорғаныс министрлігі

Қазақстан Республикасы Әскери-теңіз күштерінің әртүрлі кемелер дивизионында капитан-лейтенант Мұғатдин Мамедов есімді азамат қызмет етеді. Ол Шымкент қаласының тумасы, ұлты – түрік. Бала кезінен бастап Қарулы Күштер қатарында қызмет етуді және шетел тілдерін үйренуді мақсат еткен, деп хабарлайды otpannews.kz Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.


Мұғатдин Шымкент қаласындағы Қазақ-түрік лицейін бітірген. Мектептен кейін бірден Құрлық әскерлерінің әскери институтына оқуға түсіп, кейін Ресей Федерациясының Санкт-Петербург қаласындағы Әскери-теңіз политехникалық институтына ауысады. 2021 жылдан бастап ол Ақтау қаласындағы әскери-теңіз бөлімшесінде қызмет етіп келеді.


"Бала күнімнен әскери болуды армандадым, себебі менің туған ағам ӘТК құрамында батальон командирі болып қызмет еткен. Қазір ол — запас подполковнигі. Мен мектеп бітірген соң әскери оқу орнына түсіп, офицер боламын деп нақты шештім. Сонымен қатар, ерте жастан ағылшын, түрік, әзербайжан, қазақ және орыс тілдерін үйрене бастадым. Ауламда қазақ достарым көп болды, солармен араласып жүріп, қазақ тілін тез меңгеріп алдым. Қазір біздің бөлімшеде Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген, түрлі ұлт өкілдері қызмет етеді. Мен барынша әрқайсысына көмектесуге тырысамын – қажет жерде орысша, қазақша немесе әзербайжан тілінде сөйлеймін. Бізде Түркия, Әзірбайжан, Ресей сияқты елдерге жиі іссапарлар болады. Тілді білу маған қарым-қатынас орнатуға және білім алуға көп көмектеседі. Болашақта оннан астам тілді меңгергім келеді", - дейді офицер.


Капитан-лейтенант Мұғатдин Мамедов кәсібиліктің, мақсаткерліктің және мәдениетаралық бірліктің жарқын үлгісі. Ол тіл білудің өзара түсіністік пен тиімді қызметтің кепілі екеніне сенімді.


"Барша халықты Тілдер күнімен құттықтаймын! Елімізде әрдайым бейбітшілік болсын!" - деді офицер.
21
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!