Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Euronews Маңғыстау туризмі туралы деректермен бөлісті

Жанкелді Қаржан
|
31.08.2025 11:42
Euronews Маңғыстау туризмі туралы деректермен бөлісті

Euronews халықаралық телеарнасының сайтында «Walking on Mars: Discover Mangystau’s alien landscapes, sacred sites and Caspian coast» («Марста серуендеу: Маңғыстаудың тылсым табиғатын, киелі орындарын және Каспий жағалауын зерттеу») атты мақала жарияланды, деп хабарлайды otpannews.kz.

 

Маңғыстау облыстық қоғамдық коммуникация қызметінің жазуынша, бұл материал Маңғыстау облысы туризм басқармасының бастамасымен өңірдің туристік әлеуетін дамыту бағытындағы жұмыстардың аясында жүзеге асырылған.

 

Мақалада Маңғыстаудың Марс ғаламшарына ұқсас ерекше табиғи ландшафттары таныстырылған. Атап айтқанда, Бозжыра, Қызылкүп (Tiramisu Canyon) шатқалы, Тұзбайыр сор жазығы, Шарлар аңғары және Сенек құмы туралы толымды ақпарат берілген. Сондай-ақ, мақалада 2024 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының білім беру, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы(ЮНЕСКО) бүкіләлемдік мұралардың алдын ала тізіміне енгізілген Бекет ата және Шопан ата жерасты мешіттері баяндалды.

 

Материалда Каспий жағалауын дамыту стратегиясы, Кендірліде заман талабына сай курорт салу жобасы және 2026 жылдың басында ашылуы жоспарланған жаңа халықаралық әуежай құрылысы туралы жазылған. Өңірдегі көлік қатынасының қолайлылығы да атап көрсетілген. Ақтау қаласына Қазақстанның ірі қалаларынан және шет мемлекеттерден - Әзербайжан, Өзбекстан, Ресей, Түркия, Грузия және БАӘ-ден тікелей рейстер жүзеге асырылады. Мақалада былтыр Маңғыстау облысына 462 мыңнан астам турист келгені, сондай-ақ 2025–2029 жылдарға арналған ұлттық туристік стратегия аясында туристер саны одан әрі өсуі мүмкін екені жазылған.

 

Халықаралық телеарна сайтындағы мақала - Маңғыстау облыстық туризм басқармасының өңірдің туристік әлеуетін дамыту бағытында атқарған жұмыстарының нәтижесі. Бұл қадам әлем назарын табиғи, тарихи-мәдени және инфрақұрылымдық бірегей мүмкіндікке ие Қазақстанның әлеуеті зор туристік бағыт ретінде имиджін нығайтады.

157
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!