Президент мұнай-газ саласын дамытуға елеулі үлес қосқан азаматтарды марапаттады

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің мұнай-газ саласын дамытуға елеулі үлес қосқан бір топ азаматты мемлекеттік наградамен марапаттады, деп хабарлайды otpannews.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекеттік наградалармен марапатталғандардың қатарында маңғыстаулықтар да бар.
Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес елімізде мұнай-газ саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін «Құрмет» орденімен еңбек ардагері Бақыбай Ахметұлы, «Өзенмұнайгаз» АҚ жөндеуші-слесарі Нұрбибі Ерболатова награтталды.
ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен «Бұрғылау» ЖШС бұрғылау қондырғысының бастығы Жолдасқали Әбілқайыров марапатталды.
«Ерен еңбегі үшін» медалі «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ «Жетібаймұнайгаз» өндірістік басқармасының машинисі Мәрия Бисембергеноваға, «QazaqGaz» ҰК» АҚ «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Ақтау» магистральдық газ құбырлары басқармасы» филиалының электр монтері Гүлжан Ұнаеваға табысталды.
