Шетпеде 600 орындық «Келешек мектебі» ашылды
Нұргүл Алясова
|
05.09.2025 14:39

Маңғыстау ауданы Шетпе ауылында «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 600 орындық жаңа мектеп ашылды, деп хабарлайды otpannews.kz.
Маңғыстау ауданы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, нысан білім алушылардың жан-жақты дамуына қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген. Мұнда химия, биология, информатика, робототехника, STEM, өнер және музыка сыныптары бар.
Мектептің ашылуына аудан әкімі Ғалымжан Ниязов қатысып, аудан тұрғындарын жағымды жаңалықпен құттықтады.
- Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз Жолдауларында білім беру саласын дамытуды мемлекеттің басым бағыты ретінде айқындап, жас ұрпақтың жарқын болашағына ерекше назар аударып келеді. Бүгінгі ашылып отырған білім ордасы – сол үлкен қамқорлықтың, ел ертеңіне жасалған маңызды қадамның нақты көрінісі. Жаңа мектепте бұған дейін Қосбұлақ-1 шағынауданындағы №5 бастауыш мектептің 41 баласы, Қосбұлақ-2 шағын ауданынан орталыққа қатынап оқыған 146 және мектеп-гимназияның 235 оқушысын қосқанда 422 оқушы білім алады. Бұл мектеп - жас өркеннің ой-өрісін кеңейтіп, ғылым мен білімге құштар, елін сүйген, заманауи білімді ұрпақ тәрбиелейтін алтын ұя болады деп сенемін, - деді аудан әкімі.
Айта кетейік, Маңғыстау ауданында жаңа оқу жылында 22 мектепте 8653 оқушы білім алып жатыр.
52

Комментарии
Комментарии
Нет комментариев