Otpan News Logo

Маңғыстауда батагөйлер байқауының жеңімпаздары марапатталды

Маңғыстауда батагөйлер байқауының жеңімпаздары марапатталды

Маңғыстау облысында «Батамен ел көгерер» атты облыстық батагөйлер байқауының салтанатты марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды otpannews.kz сайты.




Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқаудың басты мақсаты – ұлттық мұраны жаңғырту, үлкенге құрмет пен кішіге ізет сынды құндылықтарды дәріптеу.


Іс-шараға “Ауыл” партиясының өкілдері, қызметкерлер мен саяси кеңес мүшелері және қонақтар қатысты.


Қуанышбай Өмірзақұлы ұлттық руханиятты сақтауда батаның орны ерекше екенін атап өтті. 


“Біз тек шешендікті емес, батаның ішіндегі терең мағынаны – Әділетті қоғам, адал азамат, еңбекқорлық, жастар тәрбиесі және Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамы аясындағы құндылықтарды басты назарға алдық.Бұл додада жеңген немесе жеңілген адам жоқ. Елдің ықыласына бөленген әрбір қария — біз үшін жеңімпаз.«Ауыл» партиясы алдағы уақытта да ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін, ауылдың рухани әлеуетін көтеретін игі жобаларды жүйелі түрде қолдауды жалғастыра береді. Марапаттарыңыз құтты болсын! Берген ақ баталарыңыз қабыл болып, еліміздің іргесі тыныш болғай! Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін”, - деді «Ауыл» партиясы Маңғыстау облысы бойынша өңірлік филиалының Төрағасы Қуанышбай Озғамбаев. 


Байқау қорытындысы бойынша:

 ІІІ орынды Қарақия ауданынан Муқдар Жанкешов, ІІ орынды Мұнайлы ауданынан Дүйсенбай Улыкманов, ал бас жүлдені Бейнеу ауданынан Мұфтьали Байдыгулов иеленді. 


Сондай-ақ қатысушыларға алғыс хаттар табысталып, арнайы сыйлықтар берілді.

88
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!