Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Маңғыстауда алғаш рет «Қорқыт ата» кинофестивалі өтеді

|
30.09.2025 09:59
Маңғыстауда алғаш рет «Қорқыт ата» кинофестивалі өтеді

1–5 қазан аралығында Ақтауда түркі дүниесінің «Қорқыт ата» кинофестивалі өтеді. Бұл – түркі елдер киносының басты оқиғасы, деп хабарлайды otpannews.kz сайты Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.


Кинофестиваль кино мен мәдениет арқылы аймақ елдерін біріктіреді. Өз тарихында ол Ыстанбұл, Бурса, Шуша және Анау (Ашхабад) қалаларында ұйымдастырылды. Енді кезек Қазақстанға келді: режиссерлер, актерлер мен продюсерлердің жаңа бас қосар орталығы Ақтау болмақ. Биыл алғаш рет фестивальге Венгрия қатысады.


Фестиваль бағдарламасы: салтанатты ашылу рәсімі және қызыл кілем, байқаулық және байқаудан тыс фильмдердің көрсетілімі, «Достық үйінде» кинематографиялық саммит, кино саласының майталмандарымен шығармашылық кездесулер, сондай-ақ Маңғыстау облысының табиғи нысандарына сапар. Жабылу салтанаты мен марапаттау рәсімі 4 қазанда өтеді.


Қазылар алқасы: «Үздік көркем фильмі», «Үздік режиссер», «Үздік сценарий», «Үздік актриса», «Үздік актер». Сонымен қатар «TÜRKSOY»-дың арнайы сыйлығы – «Түркі мәдениетіне қосқан үлесі үшін» номинациялары бойынша жеңімпаздарды анықтайды.

Кинофестиваль Маңғыстау облысы әкімдігінің, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің, TÜRKSOY және Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен өткізіледі.


Фестиваль қонақтары мен көрермендерін түркі елдерінің танымал актерлері, режиссерлері мен продюсерлерімен қызықты кездесулер күтеді.


«Қорқыт ата» кинофестивалі түркі дүниесі елдері арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға және ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді.

164
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!