Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Ақтауда инвестор құқығының сақталуына прокуратура араласты

|
03.10.2025 14:24
Ақтауда инвестор құқығының сақталуына прокуратура араласты

Ел президентінің тапсырмасы бойынша прокуратура органдары инвестициялық жобаларды сүйемелдеуді жүзеге асырып жатыр. Мұндағы негізгі мақсат – бизнестің сенімді дамуына, жаңа жұмыс орындарын ашуына және экономиканың дамуына үлес қосуына мүмкіндік беретін қолайлы әрі болжамды құқықтық ортаны қалыптастыру болып отыр, деп жазады otpannews.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.

 

Мұндай көмек Маңғыстау облысында да көрсетіліп отыр. Құны 20 млрд теңгені құрайтын заманауи сауда-ойын-сауық орталығының инвестициялық жобасын іске асыру кезінде бірқатар кедергілер туындаған. Яғни, коммуналдық желілерге қосылуды ұзақ келісу, бөлек кіреберіс жол салу және объектіні пайдалануға беру мәселелері туындады.

 

«Алдымен сәулет бөлімі кіреберіс жолды келісуден ауызша бас тартты. Себебі нысан қаланың егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы жоспарына енгізілмеген деп уәждеді. Алайда іс жүзінде ол болған, бірақ объектіні нақтыландыру бойынша түзетулер болмаған. Кейін жергілікті атқарушы орган жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзартудан формалды негіздер бойынша бас тартты. Бұл инвестордың қаржыландыру тарту мүмкіндігінен айырды.

Прокуратураның үйлестіруі қажетті рұқсаттарды уақытылы алуға және жұмыстарды мерзімінде аяқтауға мүмкіндік берді», - деп жазылған Бас прокуратураның хабарламасында.

 

Жоба сәтті жүзеге асырылып, 1,5 мың жұмыс орны ашылды.

34
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!