Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Ақтаулық студенттер «ASTAUfest-2025» VI Халықаралық гастрономиялық фестивальде топ жарды

|
02.10.2025 18:30
Ақтаулық студенттер «ASTAUfest-2025» VI Халықаралық гастрономиялық фестивальде топ жарды

Аспаздар күніне орай ұйымдастырылған және жұмысшы мамандықтарының қоғамдағы мәртебесін арттыруды мақсат еткен «ASTAUfest-2025» VI халықаралық гастрономиялық фестивалінде ақтаулық студенттер топ жарды, деп хабарлайды otpannews.kz. 


Халықаралық фестивальде ұлттық аспаздық өнердің үздік үлгісін көрсеткен Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжінің студенті Мирас Садықов «Shocolad show» құзыреті бойынша 1 орынды, Мөлдір Батырғали «Sugar show» құзыреті бойынша 2 орынды иеленді. Олар фестивальде шоколад пен карамельмен жұмыс істеудің кәсіби техникасын көрсетті. Ақтаулық студенттердің үздік атануына оқыту шеберлері А.Абдуллаева мен Б.Бажикова да үлес қосты. 



Облыстық білім басқармасының хабарлауынша, халықаралық фестивальге Гонконг, Үндістан, Франция, Түркия, Швейцария, Өзбекстан, Қырғызстан, Якутия, Корея, Татарстан Республикасынан келген 300-ден астам талантты жас аспаз бен сарапшы қатысты. 


Сала мамандары фестивальдегі бұл жеңіс Маңғыстау облысының мәртебесін асқақтатып, колледждің білім беру сапасының жоғары деңгейде екенін көрсеткенін атап өтті.

76
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!