Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

«Бекет ата – 275 жыл»: Қазақ күресінен Шопан ата жүлдесін Сұңғат Жұбатқан жеңіп алды

«Бекет ата – 275 жыл»: Қазақ күресінен Шопан ата жүлдесін Сұңғат Жұбатқан жеңіп алды

Тобықтыда 70 келіге дейінгі салмақта қазақ күресінен Шопан ата жүлдесіне арналған жарыс өтті. Бұл сайысқа Шымкент, Атырау, Ұлытау және Маңғыстау облысының аудандарынан 18 жастан асқан 17 спортшы қатысты. Бас жүлдеге 2 миллион теңге тігілді, деп хабарлайды otpannews.kz


Жарысты әділ бағалау үшін Тараз қаласынан шақырылған үш төреші боз кілемдегі додаға қазылық етті. Жарыстың бас хатшысы Асхат Қапановтың айтуынша, қатысушылардың тәжірибесі жоғары, олардың арасында республикалық және халықаралық жарыстардың жеңімпаздары бар. Ал жалпы жүлде қоры 5 миллион теңге.


Жарыс салмақ өлшеуден және жеребе тартудан басталып, тартысты өтті. Ақтаулық спортшы, дзюдо, самбо және қазақ күресінен спорт шебері Сұңғат Жұбатқан күрес алаңында ерекше шеберлік көрсетіп, бас жүлдені жеңіп алды.


«Бастапқы кездесулерде Ұлытау мен Бейнеу аудандарының балуандарымен күрестім. Жартылай финалда және ақтық кезеңде Ақтаудың намысын қорғаған спортшылармен кездесіп, таза жеңіске жеттім. Қарсыластарым – әлемдік және республикалық жарыстардың чемпиондары. Бұл жарыс мен үшін үлкен тәжірибе болды », – деді Сұңғат Жұбатқан.


Маңғыстау ауданының Тұщықұдық ауылынан шыққан Әділет Жолекеш ІІ орын алып, 1 миллион теңге ұтты. Ол жастар арасындағы республикалық чемпионаттың күміс жүлдегері.


Ал атыраулық Ыстыбай Айболат пен ақтаулық Аслан Лес үшінші орынға ие болды. Екі балуанға 800 мың теңгеден берілді.

47
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!