Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Тексеру комиссиясының құзіреті

|
03.10.2025 10:35
Тексеру комиссиясының құзіреті

Қазақстан Республикасында мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүйесін жетілдіру мақсатында 2011 жылы президент Жарлығымен өңірлерде тексеру комиссиялары (бұдан әрі – тексеру комиссиясы) құрылған болатын.


Тексеру комиссиялары мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының жүйесінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың уәкілетті органы болып табылады. Тексеру комиссиясының негізгі құзіреті Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңымен және мемлекеттік аудит жүргізу стандарттарымен реттеледі.


Бұл мемлекеттік мекемелер жергілікті атқарушы билік органдарының, мемлекеттік мекемелердің және квазимемлекеттік сектор субьектілерінің қаржылық тәртібін сақтауды қамтамасыз етеді.


Тексеру комиссиясы мыналардың:


1) өзінің мазмұны бойынша жергілікті атқарушы органның тиісті есебіне қорытынды болып табылатын есепті қаржы жылы үшін жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есеп дайындай отырып, Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің қағидаттарына сәйкес жергілікті бюджетті жоспарлаудың және атқарудың;

2) байланысты гранттарды, бюджеттік инвестицияларды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздарды және мемлекет активтерін пайдаланудың;

3) жергілікті атқарушы орган мен квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметінің экономиканың немесе экономиканың жеке алғандағы саласының, әлеуметтік және басқа да мемлекеттік басқару салаларының дамуына әсерінің;

4) тиісті бюджетті атқару және мемлекет активтерін пайдалану бөлігінде, ал Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмалары бойынша өзге де бағыттар бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іске асырылуының;

5) жергілікті атқарушы орган мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жоспарлау негізділігінің, олардың іске асырылуының және жүзеге асырылу тиімділігінің;

6) тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер сатып алуға бөлінген (жұмсалған) жергілікті қаржы ресурстарының мөлшері мен сатып алынған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің нарықтық құны арасындағы айырманы бағалауды қоса алғанда, баға белгілеудің;

7) квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін басқарудың;

8) салықтық әкімшілендірудің;

9) шарттардың;

10) қоршаған ортаны қорғау саласындағы;

11) ақпараттық технологиялар саласындағы;

12) мемлекеттік аудит объектілері қызметінің тиімділік аудитін жүзеге асырады.


Сонымен қатар, Тексеру комиссиясы мемлекеттік аудит объектілерінде сәйкестік аудитін, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде жергілікті бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігіне аудит, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігіне аудит жүргізеді және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.



Мемлекеттік аудит

және қаржылық бақылау

бөлімінің басшысы

А.Нурбосынова

36
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!