Төтенше жағдайлар департаменті: москит торы - қорғаныс құралы емес

happymodern.ru
Ақтауда төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері «Москит торы - қорғаныс емес» атты ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара балалардың ашық терезеден құлау жағдайларының алдын алу мақсатында ұйымдастырылды, деп хабарлайды otpannews.kz.
Төтеншеліктердің айтуынша, бұл тор баланың салмағын көтере алмайды, сондықтан бала оған сүйеніп кеткен жағдайда тормен бірге құлап кету қаупі жоғары. Терезеге орнатылатын москит торлары тек шыбын-шіркейден қорғауға арналған.
- Бала қауіпсіздігі — әрбір ата-ананың жауапкершілігі. Москит торы – қауіпсіздік құралы емес. Бала ойнап отырып, терезе алдына шығып, торға сүйенсе, ол кез келген сәтте үзіліп кетуі мүмкін. Сондықтан барлық жиһазды бала терезе алдына шыға алмайтындай етіп, терезе жанынан алшақ қою керек. Егер бұл мүмкін болмаған жағдайда, балаларға терезеге жақын орналасқан кереует немесе басқа да жиһаздардың үстінде ойнауына рұқсат бермеген жөн. Балаларыңыз терезені өз еркімен аша алмау үшін, терезелеріңізге бекіткіштер орнату қажет, - деді Ақтау қаласы төтенше жағдайлар басқармасы бастығының орынбасары Қабілет Ещанов.
310

Комментарии
Комментарии
Нет комментариев