Маңғыстауда төтеншеліктер шомылу маусымында 50 адамды құтқарды

inaktau.kz
Маңғыстауда биыл шомылу маусымында төтеншеліктер 50 адамды құтқарды, оның 20-ы бала. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Айжарықов айтты, деп хабарлайды otpannews.kz.
Суға шомылу маусымына дайындық кезінде ТЖД сүңгуірлері демалыс орындарының иелерінен түскен өтінім негізінде су айдындарының түбін тексеру және жағажайлардың 57 құтқарушысына құтқару тәсілдерін үйретті.
- Каспий теңізінің қауіпті аймақтарында және коммуналдық жағажайларда есептік кезеңде жұмыс күндері төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері 15 мобильді бекет, ал демалыс және мереке күндері 33 бекет кезекшілік атқарды. Кезекшілікте департамент қызметкерлері 50 адамды құтқарды, оның ішінде жиырмасы бала. Құтқарылған 42 адам Sup Board тақтайымен теңіз жағасынан алыстап кеткен, 8-і су айдындарында ата-анасының қарауынсыз қалған - балалар. ТЖД аумақтық бөлімшелері, жергілікті атқарушы органдар, полиция департаменті, прокуратура, Маңғыстау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы және еріктілермен бірлесе отырып 1100-ден астам рейд жүргізді. Нәтижесінде су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын бұзғаны үшін, оның ішінде жүзу құралдарын құтқару кеудешесіз басқару және жолаушыларды тасымалдағаны үшін 64 адам, жабдықталмаған орындарда суға түскені үшін 22 адам және балаларын су айдындарында қараусыз қалдырғаны үшін 6 адам әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 412-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 1 580 110 тг айыппұл салынды, - деді Нұрлыбек Айжарықов.
54

Комментарии
Комментарии
Нет комментариев