Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Маңғыстауда «Түпқараған барысы» мен «Мұнайлы барысы» анықталды

|
03.10.2025 14:20
Маңғыстауда «Түпқараған барысы» мен «Мұнайлы барысы» анықталды

Түпқараған мен Мұнайлы ауданында қазақ күресінен дәстүрлі «Түпқараған барысы» және «Мұнайлы барысы» іріктеу жарысы өтіп, жеңімпаз анықталды, деп хабарлайды otpannews.kz.


Жарысқа аудан әкімі, аудан әкімінің орынбасары, спортшылар, жанкүйерлер арнайы қатысты. 


Нәтижесінде Түпқараған ауданы бойынша қарсыластарынан басым түскен Ерболат Бердімұрат «Түпқараған барысы» атағын жеңіп алды. Жүлделі екінші орынға Нұрболат Бердімұрат тұрақтаса, үшінші орынды Асылбек Алпишов қанжығасына байлады. 


Мұнайлы ауданындағы турнирде Адалбек Жайман 1-орын (100 000 тг сертификат), Алмас Серік 2-орын (70 000 тг сертификат), Ғалымжан Шолтаев 3-орын (50 000 тг сертификат) алды.  



Мұнайлыда «Бала барысы» да анықталды. Нәтижесінде Ануар Сайин 1-орын, Айболат Құлбек 2-орын, Рамазан Күшікбай 3-орынды иеленді. 


Ауданның үздік палуандары алдағы облыстық додаға бақ сынауға жолдама алды.


Ұйымдастырушылар жергілікті спортшылардың басын қосқан бұл дода – ұлттық спортты дамытуға, аудан жастарын салауатты өмір салтына баулуға және достық пен татулықты нығайтуға бағытталғанын атап өтті.

56
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!