Маңғыстаулық спортшы әмбебап жекпе-жектен өткен Әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болды

sport_zhuldyzdary Instagram парақшасынан
Өзбекстанның Хорезм облысы, Үргеніш қаласында өткен әмбебап жекпе-жектен Әлем чемпионатында Маңғыстаулық спортшы Айсерік Сеилханов күміс жүлде иеленді, деп хабарлайды otpannews.kz сайты.
55 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Айсерік алғашқы айналымдарда АҚШ, Корея, Ауғанстан және Тәжікстан спортшыларын жеңіп, финалға жолдама алған еді. Ал шешуші сында өзбекстандық Шамсуддин Тожибоевпен күш сынасып, нәтижесінде Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
93

Комментарии
Комментарии
Нет комментариев