Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Ғалымдар Каспий теңізі деңгейінің 2100 жылға дейінгі өзгерісін болжады

Ғалымдар Каспий теңізі деңгейінің 2100 жылға дейінгі өзгерісін болжады

Бұл туралы бүгін Ақтауда өткен «Aktau Dialogue – Green Hydrogen 2025» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында айтылды, деп хабарлайды Otpannews.kz.


Финляндиядағы Оулу университетінің постдокторанты Азиза Баубекованың айтуынша, ғалымдар Каспий теңізіне құятын алты ірі өзеннің ортақ ағысына негізделген бес түрлі сценарийді зерттей отырып, теңіз деңгейінің 2100 жылға дейінгі өзгерісін болжаған.


«Зерттеу барысында біз соңғы 60 жылдағы Каспий деңгейінің ең төмен және ең жоғары кезеңдерін қарастырдық. Мәселен, 1970-жылдары Волга өзеніндегі ірі су қоймаларының толтырылуы кезеңін және 2010-жылдардағы қазіргі уақытқа жақын, ең төменгі деңгейлерді сараптадық. Бұл деректер климаттық және гидрологиялық сценарийлермен бірге біріктірілді. Яғни жауын-шашын көлемі мен булану көрсеткіштерінің болашақтағы өзгерістерін де есепке алдық», – деді Азиза Баубекова.


Ғалымдардың айтуынша, зерттеу нәтижесінде теңіз деңгейінің екі шекті нұсқасы – ең оптимистік және ең пессимистік болжамдар жасалған.


«Оптимистік сценарий бойынша, егер Каспийге құятын өзендердің су мөлшері ең жоғарғы деңгейге жетсе, теңіз деңгейі қайта көтерілуі мүмкін. Алайда бұл өте төмен ықтималдықпен болатын жағдай. Шын мәнінде, бұл – шындыққа жанаспайтын сценарий. Ал ең қолайсыз, климаттың қатты өзгеруіне негізделген сценарийде Кара-Богаз-Гол мүлде жойылып, солтүстік Каспийдің басым бөлігі су астынан кетуі ықтимал. Мұндай жағдайда Жайық пен Волганың Каспийге құяр жолы да бұлыңғыр, өйткені су буланудан көзге көрінерліктей жоғалады. Тіпті өзен сулары теңізге жетпей қалуы мүмкін», – дейді ғалым.


Ең пессимистік болжам бойынша, Каспий деңгейі алдағы уақытта тағы 5 метрге, ал ұзақ мерзімді перспективада 12 метрге дейін төмендеуі ықтимал.

77
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!