Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Маната асуында мал айдау жолы салынып жатыр

Махаббат Нұржанқызы
|
02.08.2025 20:55
Маната асуында мал айдау жолы салынып жатыр

Маңғыстау ауданы аумағындағы Маната асуынан мал айдау жолының құрылысы басталды, деп хабарлайды otpannews.kz.


Ұзындығы 2 шақырым болатын жолдың құрылысын салу бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсының жеңімпазы — «Алаш Констракшн» ЖШС. Жобаның жалпы құны — 72 миллион теңге. Екіжақты келісімшарт 2025 жылғы 12 маусымда жасалған. Құрылыс жұмысына техникалық қадағалауды — «БатысМұнайҚұрылыс», авторлық қадағалауды — «ТМ ЖобаҚұрылыс» мекемесі жүргізеді.


Бұл жолды салу қажеттілігі облыс және аудан әкімдерімен кездесуде шаруа қожалықтары тарапынан бірнеше рет көтерілген болатын. Бұған дейін малды ойдан қырға, қырдан ойға айдау кезінде республикалық маңыздағы жолды кесіп өтуге тура келетін. Бұл өз кезегінде мал үшін де, жол қозғалысы үшін де қауіп туғызатын.


Айта кетейік, бұған дейін шаруалардың ұсынысымен аудан әкімі Ғалымжан Ниязов барып көрген Бесбұлақ асуына да жол салу жоспарда бар. Алдағы аудандық мәслихат сессиясында аталған жолдың жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуге қаржы бөлінетін болады.

73
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!