Otpan News Logo

Мақсат Мұқаш: Әр үйдегі жылумен қамту мәселесіне тікелей басқарушы ұйым жауапты

|
09.11.2026 15:02
Мақсат Мұқаш: Әр үйдегі жылумен қамту мәселесіне тікелей басқарушы ұйым жауапты

OTPANNEWS.KZ. Бүгінде Ақтау қаласына жылу штаттық режимде берілуде. Дегенмен, кейбір шағын аудандардағы жекелеген тұрғын үйлерде жылумен қамту мәселелері кездеседі. Оның негізгі себебі – үйлерде басқарушы ұйымдардың болмауы. Бұл туралы Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.


Қала әкімінің айтуынша, жылуды өндіру «МАЭК» кәсіпорнына, жеткізу «Каспий жылу, су арнасы» коммуналдық кәсіпорнына, ал үй ішіндегі жылу жүйесін реттеу басқарушы ұйымдарға жүктелген.


– Әр үйдегі жылумен қамту мәселесіне тікелей басқарушы ұйым жауапты. Осыған байланысты тұрғындар басқарушы компанияның жұмысын, пәтер иелері кооперативін немесе мүлік иелерінің бірлестігін (ОСИ) қайта қарастыруы қажет. Жылумен қамту мәселелері туындаған жағдайда тұрғындар қала әкімдігіне, нақтырақ айтқанда, Ақтау қалалық тұрғын үй инспекциясына жүгіне алады, – деді қала әкімі.

9
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!