Otpan News Logo

Тасмұрын ауылында агроөндірісті дамытуға бағытталған жобалар жүзеге асып жатыр

|
09.11.2026 09:54
Тасмұрын ауылында агроөндірісті дамытуға бағытталған жобалар жүзеге асып жатыр

OTPANNEWS.KZ. - Маңғыстау ауданының әкімі Ерғали Скендиров Шайыр ауылдық округіне қарасты Тасмұрын елді мекеніндегі агроаймақты аралап, ауыл шаруашылығы бағытында жүзеге асырылып жатқан жобалармен танысты.


Жергілікті кәсіпкер Шегебаевтың құс шаруашылығында 300 бас тауық өсіріліп, тәулігіне 100-ге жуық жұмыртқа өндіріледі. Табиғи өнім Шетпе ауылының тұрғындарына жеткізіледі.


Ал «Мақсат» шаруа қожалығы 2 000 гектар жерді игеріп, картоп пен бидай өсіруді қолға алмақ. Қазіргі таңда 300 гектар алқап егіске дайын. Жоба аясында болашақта өнімді терең өңдеу, ұн, жарма және мал азығын өндіру көзделген.


Аудан әкімі агроаймақ әлеуетін тиімді пайдалану, өндіріс көлемін арттыру және жаңа жұмыс орындарын ашу – ауыл экономикасын дамытудың маңызды бағыты екенін атап өтті.

19
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!