Otpan News Logo

Маңғыстауда заң бұзған жер қойнауын пайдаланушылардан 226,6 млн теңге өндірілді

|
09.11.2026 14:48
Маңғыстауда заң бұзған жер қойнауын пайдаланушылардан 226,6 млн теңге өндірілді
Zakon.kz

OTPANNEWS.KZ. - Маңғыстау облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру саласындағы 118 жер қойнауын пайдаланушының келісімшарттық және лицензиялық міндеттемелерінің орындалуын тексерді. Бұл туралы Маңғыстау облысы прокуратурасы хабарлады.


«Зерделеу нәтижесінде заң бұзушылықтарға жол берген жер қойнауын пайдаланушыларға қатысты прокурорлық қадағалау шаралары қабылданып, мемлекет пайдасына 226,6 млн теңге өндірілді.

Сонымен қатар, сот шешімдері негізінде екі жер қойнауын пайдаланушымен жасалған келісімшарттар тоқтатылды. Кадастрлық құны 175,7 млн теңге болатын екі жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды», деп мәлімдеді прокуратура өкілдері.

Прокуратура жер қойнауын пайдалану саласында мемлекет мүддесін қорғау бойынша жұмысты жалғастырады.

6
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!