Otpan News Logo

Мұнайлыда 48 жастағы жүргізуші есірткімен ұсталды

Мұнайлыда 48 жастағы жүргізуші есірткімен ұсталды

OTPANNEWS.KZ – Мұнайлы ауданындағы Атамекен ауылында полицейлер автокөліктен 2 келі 355 грамм марихуана тапты. Есірткі Opel Vectra көлігін тексеру кезінде анықталған.


Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, көлікті 48 жастағы ер адам басқарған. Жедел-іздестіру шаралары кезінде тоқтатылған автокөлікті тінту барысында ақ түсті қораптан екі пакетке салынған марихуана табылды. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы – 2 келі 355 грамм.


Осы дерекке байланысты Қылмыстық кодекстің 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.


Сондай-ақ жүргізуші мен жолаушының ағзасынан каннабиноидтар метаболиттері анықталған. Оларға есірткі заттарын медициналық емес мақсатта тұтынуға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 440-1-бабының 1-бөлігі бойынша хаттама толтырылған.


Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

3
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!