Otpan News Logo

Жаңа Конституция – адам мен еңбек құндылығының кепілі

|
08.11.2026 10:00
Жаңа Конституция – адам мен еңбек құндылығының кепілі

Жаңа Конституцияда адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, еңбек адамының мәртебесін арттыруға және азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға ерекше мән берілгені көңіл қуантады. Менің ойымша, бұл – еліміздің болашағы үшін жасалған маңызды әрі дұрыс қадам.


Аспаздық – үлкен жауапкершілікті, ұқыптылық пен кәсіби шеберлікті талап ететін мамандық. Күнделікті еңбегіміз арқылы адамдарға сапалы қызмет көрсетіп, олардың көңілінен шығуға тырысамыз. Сондықтан жаңа Конституцияда әр адамның еңбек етуге, кәсібін еркін таңдауға, қауіпсіз еңбек жағдайына және еңбегіне сай ақы алуға құқығының бекітілуін маңызды деп санаймын.


Сонымен қатар, адам денсаулығы мен өмір сапасына қатысты нормалардың маңызы ерекше. Әр азаматтың денсаулығын сақтауға және заңда белгіленген медициналық көмекті алуға құқығының қорғалуы – әлеуметтік мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Өйткені дені сау ұлт – ел дамуының негізі.


Мен жаңа Конституция еліміздің дамуына тың серпін береді деп сенемін. Заң үстемдігі сақталып, әр азаматтың құқығы қорғалған, адал еңбек бағаланатын қоғам қалыптастыру – баршамызға ортақ міндет. Сондықтан Ата Заңдағы жаңашылдықтарды қолдаймын. Бұл – әділетті қоғам құруға және жарқын болашаққа бастайтын дұрыс бағыт.


Рабиға Ақмұратқызы,

аспаз

4
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!