Otpan News Logo

Таушықта «Taushyk open» республикалық турнирі өтті

|
09.11.2026 09:58
Таушықта «Taushyk open» республикалық турнирі өтті

OTPANNEWS.KZ. - Түпқараған ауданына қарасты Таушық ауылында жасөспірімдер арасында дзюдодан «TAUSHYK OPEN» республикалық турнирі өтті.

 

Байрақты бәсекеге еліміздің 6 өңірінен 500-ге жуық жас спортшы қатысып, татами төрінде өзара мықтыны анықтады.

 

Жарыстың ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Өсер Тілепов сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Өз сөзінде ол спорттың жас ұрпақ тәрбиесіндегі маңызына тоқталып өтті.

 

«Дзюдо күресі тәртіп пен табандылықты талап ететін спорт түрі жастардың бойында жігер, жауапкершілік пен жеңіске деген ұмтылысты қалыптастырады. Сондай-ақ, мұндай республикалық деңгейдегі жарыстар жас спортшылардың тәжірибе жинақтап, шеберлігін шыңдауына және өңірлер арасындағы спорттық байланысты нығайтуға зор мүмкіндік береді», - деді ол.

 

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, оларға арнайы медальдар мен дипломдар табысталды.

15
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!