Otpan News Logo

Каспийде браконьерлерден бір тоннаға жуық бекіре тәркіленді

|
09.11.2026 11:22
Каспийде браконьерлерден бір тоннаға жуық бекіре тәркіленді
Фото: ЖИ көмегімен жасалды

OTPANNEWS.KZ. - Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің 2026 жылғы қазан айындағы қызметінің қорытындысын жариялады. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.


Осы айда шекара кеңістігінде Қазақстан заңнамасын бұзған 3 318 адам ұсталды. Олардың 2 791-і – шетел азаматтары. Сонымен қатар, шекара арқылы жалпы құны 2,1 млрд теңгеден асатын тауарлар мен жүктерді заңсыз өткізуге қатысты 1 267 деректің алды алынды.


Каспий теңізінің акваториясында браконьерлікке қарсы күрес барысында 119 заң бұзушылық анықталды. Нәтижесінде 88 шақырым браконьерлік ау құралы және 187 дана (933 келі) бекіре тұқымдас балық тәркіленді. Алдын алынған залал көлемі 413 млн теңгеден асты.


Қазан айында Шекара қызметі өз құзыреті шеңберінде 47 қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдарын жүргізуде. Бұдан бөлек, жалпы сомасы 35 млн теңгеден асатын айыппұл салынған 3 021 әкімшілік іс өндірісте.


Өзге де анықталған құқық бұзушылықтар бойынша материалдар тиісті процессуалдық шешім қабылдау үшін құқық қорғау және сот органдарына жолданған.

7
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!