Otpan News Logo

Бейнеуде көпбалалы аналарға мемлекеттік награда табысталды

|
09.11.2026 10:12
Бейнеуде көпбалалы аналарға мемлекеттік награда табысталды

OTPANNEWS.KZ. Бейнеу ауданының әкімі Рахымжан Шалбаев көпбалалы аналармен кездесіп, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» мемлекеттік наградаларын табыстады.


Кездесу барысында аудан басшысы аналардың ел демографиясының өсуіне, ұрпақ тәрбиесіне және отбасы құндылықтарын нығайтуға қосып отырған үлестеріне тоқталды.


Аудан әкімі өз сөзінде ана еңбегінің қашанда жоғары бағаланатынын, дүниеге бала әкеліп, оны тәрбиелеп, елінің саналы азаматы етіп өсіру үлкен жауапкершілік пен қажыр-қайратты талап ететінін атап өтті. Сондай-ақ көпбалалы аналардың өнегелі істері жас ұрпаққа үлгі екенін жеткізіп, отбасы институтын нығайтудағы аналардың орнына ерекше тоқталды.


«Ана болу – үлкен бақыт әрі жауапкершілік. Әрбір баланың тәрбиесі, оның болашағы мен азамат болып қалыптасуы ең алдымен отбасындағы тәрбиеге байланысты. Сіздер бірнеше баланы дүниеге әкеліп қана қоймай, олардың әрқайсысына тәрбие беріп, өмірден өз орындарын табуына жол көрсетіп келесіздер. Бұл – үлкен еңбектің, төзім мен мейірімнің көрінісі. Елдің ертеңі болатын ұрпақты тәрбиелеуге қосып отырған үлестеріңіз үшін баршаңызға алғысымды білдіремін. Бүгінгі марапаттарыңыз құтты болсын! Әрдайым отбастарыңыздың ортасында абыройлы болып, балаларыңыздың қызығы мен қуанышына кенеле беріңіздер», – деді Рахымжан Шалбаев.


Биыл Бейнеу ауданы бойынша барлығы 79 ана мемлекеттік наградамен марапатталды. Оның ішінде 29 ана «Алтын алқа», 50 ана «Күміс алқа» иегері атанды.

13
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!