Otpan News Logo

«Әл-Тарази шақырады»: Тараздағы фестивальде маңғыстаулық өнерпаздар бірден екі жүлде иеленді

|
01.06.2026 12:12
«Әл-Тарази шақырады»: Тараздағы фестивальде маңғыстаулық өнерпаздар бірден екі жүлде иеленді

Тараз қаласында театр әртістерінің айтулы мерекесіне айналған «Тұңғышбай Әл-Тарази Таразға шақырады» халықаралық актерлар фестивалі өтті, деп хабарлайды otpannews.kz сайты Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасына сілтеме жасап. 


Бұл додада Н. Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театрының ұжымы үлкен табысқа қол жеткізді. Фестиваль аясында маңғыстаулық театр ұжымы драматург Олжас Жанайдаровтың шығармасы негізінде сахналанған «Я – Қарлығаш» драмасын сахналады. Шетел асып, жақсы өмір іздеген жандардың тағдырын, адамның үміті мен қорқынышын, сағынышы мен сенімін терең суреттеген туынды жоғары бағаланып, театр қоржынына бірден екі марапат түсті. 


 «Үздік әйел адам бейнесі» номинациясына жерлесіміз, талантты актриса Гюль Зиятова ие болды. 


Қазақстан театр қайраткерлері одағының беделді «Дара» медалімен танымал актриса Раиса Сертбекова марапатталды.


Айта кетейік, фестивальде топ жарған бұл қойылымның режиссері – Ұлан Болатбек. Ал қойылымның өзіндік атмосферасын қалыптастырған қоюшы-суретшілері – Анастасия Мороз бен Нысанғали Қаниев.

40
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!