«Ауыл» партиясы бүлдіршіндерге ұмытылмас мереке сыйлады
1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай облыстық «Ауыл» партиясының ұйымдастыруымен «Балалық шақ мекені» атты республикалық акция өтті. Мерекелік іс-шара балаларға ерекше қуаныш пен көтеріңкі көңіл-күй сыйлады, деп хабарлайды otpannews.kz тілшісі.
Іс-шараның мақсаты - балалардың мерекеде жақсылап көңіл көтеріп, ойын ойнап, бой сергітуіне атсалысу және оларға ұмытылмас сәттер сыйлау.
Мерекеде балаларға арналып «Ауыл нақышында» деп аталған арнайы көрме болды. Онда ауыл өмірін, қазақтың салт-дәстүрін, табиғаты мен төрт түлігін бейнелейтін балалардың қолөнер бұйымдары мен суреттері көпшілік назарына ұсынылды.
Концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, балалар, ата-аналар ән мен күй тыңдады. Оған қоса балалардың көңіл-күйін көтеріп, суретке түсіп, ыстық естеліктер қалуы үшін түрлі аниматорлар да мерекеге қатысты.
Іс-шара соңында белсендіп болып, сұраққа дұрыс жауап берген балаларға түрлі сыйлықтар табысталды.
"Іс-шара балалардың көңіл-күйін көтеріп, олардың бақытты балалық шағына үлес қосу мақсатында жасалды. Жыл сайын осы мерекеде балаларға концерт ұйымдастырамыз. Балалар - біздің болашағымыз. Олар дұрыс адам болып өсуі үшін бала кезінен осылай тәрбиелік маңызы бар іс-шараларға қатыстырып, ауылдың дәстүрін таныстырып тәрбиелеуіміз керек. Партияның атынан балаларға жақсы денсаулық пен жарқын болашақ тілеймін", - деді "Ауыл" партиясы облыстық мәслихат депутаты Мақсат Рзханов.